Шымкент аспанындағы инновация: Азық-түлік жақын арада дронмен жеткізіледі

Шіліңгір шілдеде сынап бағанасы 50°C-қа дейін жететін шырайлы Шымкент үшін салқын сусын мен балғын өнімді үйден шықпай-ақ алдыру – нағыз таптырмас мүмкіндік. Қалада дәл осы қажеттілікті өтеп қана қоймай, сауда жасаудың мүлдем жаңа, инновациялық форматын ұсынатын Freedom SuperApp экожүйесінің "Азық-түлік" сервисі ресми түрде іске қосылды. Бұл – жай ғана кезекті жеткізу қызметі емес: Шымкент аспанында болашақта дрондар самғап, әрбір тұтынушы күнделікті қажетті тауарын сатып алып қана қоймай, 26%-ға дейін кешбэкке ие болатын жаңа форматтағы жоба.
22 сәуір күні БАҚ өкілдері мен блогерлердің басын қосқан жабық шара барысында жаңа сервистің тыныс-тіршілігімен іштей танысудың сәті түсті.
Ең әуелі көзге түскені – ауқымды қойма ішіндегі қызу қайнаған жұмыс процесі. Қоймадағы жұмыс секундтармен есептелген: мұнда 20 000-нан астам тауар түрі бар. Олардың ішінде балғын азық-түлік өнімдері, үйге қажетті заттар, балаларға қажетті тауарлар, сусындар және тағы басқа керек дүниенің бәрі бар.

Азық-түліктің балғындығын сақтау үшін қойма бірнеше температуралық аймаққа бөлінген. Нарықта сирек кездесетін экзотикалық жемістерден бастап, жапондық импорттық өнімдерге дейін толық қамтылған. Мәселен, экзотикалық жемістер мен көкөністерге арналған ылғалдылық режимі сақталған бөлмелер, сүт және ет өнімдеріне арналған мұздатқыштар (-20°C-қа дейін) жұмыс істеп тұр. Тауарлар +2, +8°C-тық арнайы бөлмелерде және минус -18, -20°C-тық мұздатқыштарда мұқият сақталады. Тіпті, Шымкенттің 50°C-тық ыстығын ескеріп, сусындарды арнайы салқындатып жеткізетін бөлек аймақ та қарастырылған.

Сервис жұмысының ішкі қыр-сыры туралы Шымкенттегі "Азық-түлік" қоймасының директоры Рустам Орозалиев кеңінен баяндап берді. Оның айтуынша, сервис шымкенттіктерге нарықта сирек кездесетін өнімдерді қолжетімді етпек.
"Бізде тауар түрі өте көп. Нарықта табыла бермейтін бірегей ассортиментті тұтынушыларымызға тиімді бағамен ұсынамыз. Жұмыс қарқынына келер болсақ, қазір жеткізудің екі түрі бар: клиенттер тапсырысты 60 минуттан бастап экспресс немесе ыңғайлы уақытта алуды таңдай алады. Қоймада бір қызметкер бір уақытта 4 тапсырысты жинайды және бұған тауар санына қарай небәрі 10-15 минут жұмсалады. Қазіргі бастапқы кезеңде бірнеше ондаған адам жұмыс істеп жатыр, бірақ тапсырыс көлемі артқан сайын штатты кеңейтеміз. Күніне 200 тапсырыстан бастадық, алайда бізде қажетті алаң да, тауар қоры да жеткілікті. Сондықтан кез келген үлкен көлемге сапалы қызмет көрсетуге толықтай дайынбыз", - деді Рустам Орозалиев.
Осы орайда шара барысында Freedom SuperApp-тың "Азық-түлік" сервисінің бас директоры Руслан Погорелов бұл жобаның тек сауда емес, қала экономикасы мен жергілікті кәсіпкерлер үшін де маңызы зор екеніне тоқталды.
"Бүгін біз үшін айрықша күн. Шымкенттегі қоймамыздың ашылуы — бұл жаңа жұмыс орындары деген сөз. Қазірдің өзінде мұнда 120-дан астам адам жұмыс істейді және олардың барлығы осы қаланың тұрғындары. Біздің басты артықшылығымыз – тауардың алуан түрлілігі мен жылдамдық. Тапсырысты 60 минуттан бастап жеткіземіз. Біз үшін ең маңыздысы – жергілікті өндірушілермен серіктестік. Шымкентте шағын өндіріс мәдениеті, қолөнер кәсібі мен фермерлік өте жақсы дамыған. Біз жергілікті наубайханаларды, шағын цехтар мен фермерлерді ынтымақтастыққа шақырамыз. Біз олардың өнімдерін тек Шымкентте сатып қана қоймай, басқа қалаларға да шығарғымыз келеді. Бүкіл Қазақстан Шымкенттің қандай сапалы әрі бірегей өнімдер шығаратынын білуі тиіс. Біз адамдардың дүкен аралап уақыт кетірмеуіне жағдай жасаймыз. Офлайн дүкендермен бағамыз бірдей. Бұл бағытты барынша күшейткіміз келеді. Жалпы, біздің жоспарымыз ауқымды: биыл Қазақстанның тағы 4 қаласында, ал келесі жылы 10 қаласында ашылуды көздеп отырмыз", - деді компания басшысы.

Жаңа сервистің тағы бір "визиттік карточкасы" – бұрын-соңды болмаған 26%-ға дейінгі кешбэк жүйесі. Жоғары кешбэк Freedom инвестициялық валютасымен есептеледі және оны Freedom Superapp ішіндегі барлық қызметтерге төлеу үшін пайдалануға болады.
Көпшілікті қызықтырған "Рекордтық кэшбек қалай құралады және ол уақытша ма?" деген сауалға Шымкент қаласындағы Freedom Bank филиалының директоры Рысбек Рахметов егжей-тегжейлі жауап берді.
"Freedom SuperApp қосымшасы арқылы Freedom Bank картасын жылдам аша аласыз. Тіпті пластик карта күтудің қажеті жоқ, екі түртумен ЖСН мен биометриядан өтсеңіз жеткілікті. 26% кэшбек туралы айтар болсам, бұл – біздің ұзақ мерзімді лояльдік бағдарламамыз. Ол былай есептеледі: азық-түлік жеткізу сервисі өз тарапынан 16% береді, "Freedom Friends" жазылымы үшін 5% қосылады, ал қалған 1%-дан 5%-ға дейінгі бөлігі сіздің картаңыздың деңгейіне (Standard-тан Platinum-ға дейін) байланысты. Ең басты ерекшелігі – бұл кешбэк біздің меншікті Freedom валютасымен түседі. Бұл сіз жай ғана сатып алушы емес, холдингтің акционеріне айналасыз деген сөз. Кешбэкті ақшаға айналдырып, кез келген қажеттілікке жұмсауға болады, ешқандай шектеу жоқ. Қазір 5,5 миллион карта қолданушысы бар, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 8 миллионға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сәуір айының соңына дейін ашылу құрметіне 26% болса, кейін ол тұрақты түрде 25% деңгейінде сақталады", - деп нақтылады филиал директоры.

Шараның ең басты жаңалығы әрі қонақтарды таңғалдырғаны – дронмен жеткізу процесі болды. Бұрын-соңды тек фантастикалық фильмдерден көретін көрініс енді өміріміздің шындығына айналмақ. Баспасөз турында қонақтар тапсырыстың қалай жиналып, дрон арқылы әуеге көтерілгенін өз көзімен көрді. Freedom Lifestyle Group бас директоры Алексей Лидің айтуынша, бұл технология қазірдің өзінде Алматыда сәтті жұмыс істеп тұр және жақын арада Шымкентте қызмет көрсете бастайды. Тапсырыс беру үшін Freedom SuperApp қосымшасын жүктеп алып, "Қызметтер" бөліміне кіріп, "Азық-түлік" қызметін таңдау жеткілікті.

Қорыта айтқанда, 2011 жылдан бері қазақстандық онлайн-жеткізу нарығының көшбасшыларының бірі саналатын қызметтің Шымкентке келуі – қаланың сауда мәдениетіне үлкен өзгеріс әкелгелі тұр. Жергілікті өндірушілерді қолдауға басымдық беріп, сапа мен жылдамдықты, жоғары технологияны тең ұстаған бұл жоба арқасында енді шымкенттіктер ауыр сөмке тасып, супермаркеттерде кезек күтпейтін болды. Бар болғаны телефонға үңіліп, бірнеше батырманы бассаңыз жеткілікті. Сапалы әрі балғын тауарлар көрсетілген уақытта есігіңіздің алдына жеткізіледі.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек