Сұлулық салоны қызметтері бір жылда 17%-ға қымбаттаған
Шаштараздар мен сұлулық салондары ұсынатын қызметтер көлемі биыл 24,5 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 10,3%-ға арты.
Осы уақытта ауылдық жерлерде сектордағы қызметтер көлемі бір жылда 18,1%-ға өсті.
Биыл қараша айының қорытындысы бойынша шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтері бір айда 1,8%-ға қымбаттады. Бұл – соңғы уақыттағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі
Жыл басынан бері шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтері бағасы бірден 17%-ға көтерілді, бұл – рекордты көрсеткіш.
Өңірлік бөліністе Павлодар (32% - ға), Қарағанды (30,4% - ға) және Атырау (25,7% - ға) облыстарында айтарлықтай қымбаттау байқалды.
Ерлердің шаш қию қызметі 21,5%-ға, ал әйелдердің шаш қиюы 16% - ға қымбаттады. Маникюр мен педикюр бағасы 18,8% және 10,5% және эпиляция 8,6%-ға өсті.
Алматы мен оның маңында 70 мың ағаш құлады: 2011 жылғы жойқын дауылдың қандай салдарын қала әлі күнге дейін сезіп отыр
Медеу мен оған жақын шатқалдарда мұндай күшті дауыл соңғы 100–200 жылда тіркелмеген
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
