Сұлтан Зауырбек әлемдік рейтингте бір саты жоғарылады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек екінші жартылай жеңіл салмақта әлемдік рейтингте ең үздік 4 боксшысының қатарына кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/sultanzaurbek
Ұлыбританияның Болтон қаласында өткен бокс кешінде аргентиналық Роман Рубен Рейносоны (22-4-2, 10KO) бірінші раундта нокаутқа жіберген Сұлтан Зауырбек әлемдік рейтингте бір сатыға жоғарылады. Екінші жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын отандасымыз WBA тұжырымының жаңартылған рейтингі бойынша ең үздік төрт боксшының қатарына кірді. Сұлтанның салмағында америкалық Ламонт Роуч чемпион болса, бірінші орында Отар Эраносян тұр. Дегенмен отандасымыз чемпиондық белбеуге бір табан жақын тұр.
Айта кетейік, Сұлтан Зауырбек Англияда, әлемнің даңқты боксшысы Энтони Джошуамен бірге дайындалады.
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес

