Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сүйінші сұрайтын күн алыс емес": Блогер Дархан Жолшыбеков жақсы жаңалығын бөлісті

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков атышулы оқиғадан кейін, әлеуметтік желіге ат ізін салмай кеткен болатын. Алайда блогер іздеп жатқан оқырмандарына алғыс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Блогердің айтуынша, жақында туылатын сәбиімен қауышатын күн алыс емес.

“Іздеп жатқан жандар ештеңе уайымдамаңыздар! Бізде бәрі жақсы. Қолап жатқан жандарға ерекше алғыс! Мені жек көрсеңіздер де, жақсы көрсеңіздер де мен сіздерді жақсы көремін. Қазіргі арман-тілегім – Дариды аман-есен босандырып алу. Соңғы апталар қалды. Қатты күтіп жүрмін. Дари босанған кезде бір-ақ шығуды ойлап едім, бірақ сіздер іздеп жатқасын әлеуметтік желіге кірдім”, – дейді блогер. 

 Сондай-ақ, іздеп жатқан оқырмандарының жазғандарын да көрсетті. 

Желі қолданушылары Дарханның қатысы бар оқиғаны елемеуге шақырып, қолдайтынын жазып жатыр. “Біз сенің жағыңдамыз”, “Сені ғана қолдаймыз”, “Бөпелерің аман-есен дүниеге келсін”, “Дари ештеңе уайымдамасын” деп жазып жатқандар көп. 

Еске салайық, “Қызымның әкесі – Дархан Жолшыбеков” деген жезқазғандық Айдана Боранбайқызының оқиғасын жазған болатынбыз. 

Талқылау