Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Суқұйғыш: Жұлдыз белгісінің мінездемесі

Суқұйғыш жұлдыз белгісінде дүниеге келген адамдар сезімталдығымен ерекшеленеді. Оларды ренжіту, жанын жаралау оңай. Мұндай адамдардың айналасында таныстары көп болғанымен, жақын достары аз. Бір қызығы, Суқұйғыштар байсалды емес, есерлік жасауға бейім адамдарды магнит тәрізді тартады және олармен қарым-қатынастан қашпайды. 

Суқұйғыш: Жұлдыз белгісінің мінездемесі

Суқұйғыштар көпшіл келеді. Олар өз пікірін сирек өзгерткенімен, кейде өзгелердің ықпалында жүргенін аңғармай қалады. Десе де олар әлдекімге ренжісе немесе өз құқығын таптағанын білсе, үнемі кек алуға тырысады және бұл жолда өзіне зиян жасаудан да қорықпайды. 

Суқұйғыштар әр нәрсені білуге құмар. Алайда дәл осы қасиеті нақты бір іспен айналысуына кедергі келтіреді. Әдетте Суқұйғыштар жалқау көрінгенімен, бір күнде көптеген ұсақ тірлікті тындыра алады. Суқұйғыштардың жаңа нәрсенің үйренуге деген қабілеті оларды данышпан ете алады. Алайда, өкінішке орай, кейде бұл өзгелердің психикасына кері әсер етеді. Аталған жұлдыз белгісі өкілдерінің арасында есі ауысқандар саны көп. 

Суқұйғыш-ерлер өмірге деген романтикалық көзқарасын шынайылықпен үйлестіре алады. Олар ешкім күтпеген әрекеттерге баруға дайын, алайда өзіне және өзгелерге қауіп төндірмеуге тырысады. Олар білуге құмар және әлемді танудан жалықпаушылығымен, сонымен қатар сезімге берілгіштігімен ерекшеленеді. 

Суқұйғыш-әйелдер сырт келбетінің тартымдылығымен ерекшеленеді. Олар өзгелерден ерекше көрінуден қорықпайды. Сонымен қатар олар – өте білімді, ақылды, ұқыпты және өзгелердің кеңесіне құлақ аспай, өздігінен шешім қабылдауға қабілетті. Суқұйғыш-әйелдер қандай жағдай болса да өзі қалауына әрекет етеді. 

Суқұйғыш – белсенді жұлдыз белгісі. Бұл адамдар қызба мінезді келеді, көп жағдайда өзін қолда ұстай алмайды, ұсақ-түйек жайттар үшін ұзақ уайымдап жүреді. Суқұйғыштар тек қиын жағдайларда ғана әрекетке кірісіп, ішкі қуатын, табандылығы мен өзгелердің мүддесін қорғау қабілетін көрсете алады. 

Суқұйғыштар адамдардың ортасында жүргенді жақсы көреді. Олар айналасындағылармен тез тіл табысады, алайда іштей өзін жалғыз сезінеді. Мұндай адамдардың айналасындағы нәрселерге деген қызығушылығы ғылыми-теориялық сипатқа ие: оларға жағдайды өзгертуге тырысқаннан гөрі, жаңа нәрсені білу әлдеқайда қызықты. 

Суқұйғыштар болмысы сезімтал болғандықтан, олар тез ренжиді. Сонымен қатар өз уәдесінен басқаның бәрін ұмытпайды. 

Кейде Суқұйғыштардың әрекеттері ақылға қонымсыз болып көрінгенімен, олардың ішкі түйсігіне сенуге болады. Олар көп ақпаратқа қаныққандықтан, өзгелері біле бермейтін себептерді де есепке алуға тырысады. Өкінішке орай, аталған жұлдыз белгісінің өкілдері көп жағдайда өз білімін пайдалана бермейді. Олар алдағы уақытта жасайтын әрекеттерін ойланып, саралап алғанымен, іске көшуге асықпайды. 

Сонымен қатар Суқұйғыштар қайырымдылыққа бейім: олар өзінен гөрі, өзгелерге жақсылық жасағанды жақсы көреді. Және өзінікінен гөрі, өзгенің ақшасын жұмсағанды ұнатады.

Талқылау