Суданнан үш қазақстандық эвакуацияланды
Судандағы қарулы қақтығысқа байланысты Қазақстанның үш азаматы эвакуацияланды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
"Біздің ақпаратымыз бойынша, Суданда болған үш азаматымыз Судан территориясынан шығып кетті. Олардың бірі БҰҰ жұмыс істеген, ол қазір Эфиопияда, Аддис-Абебада. Ал тағы бір азаматшамыз жапондық компанияда жұмыс істеген. Ол жапон дипломаттарының жұмысының арқасында эвакуацияланды", – деді министрлік өкілі.
Бұл ретте Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жапон дипломаттарымен және БҰҰ өкілдерімен байланыста болып, эвакуациялау бойынша барлық әкімшілік жұмыстарды өз мойнына алды.
Еске салсақ, Судандағы әскери қақтығыс 15 сәуірден бері жалғасып жатыр.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты