Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Су қайнатқышты ауыздарына салып, токқа қосқан": Астанада тұтқындарды аяусыз азаптаған ҰҚК қызметкерлері сотталды

Астанада ҰҚК төрт қызметкері құрамында алтыны бар шикізатты ұрлады деп айыпталған 13 тұтқынды аяусыз азаптаған. Олар бұл әрекетті бұйрық бойынша жасағанын айтып ақталды. Алайда сот қызметкерлерді жауынгерлік атағы мен бас бостандықтарынан айырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: pexels

Ақмола гарнизоны әскери сотының баспасөз қызметінің мәліметінше қызметкерлер ҚР-ның қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша "Қатыгездік, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас, азаптау" бойынша айыпталған.

Олар өз кінәсін мойындай тұра, азаптауға бұйрық берілгенін айтып ақталды. Сотта судья сотталушылардың бет-әлпетін көрсетуге тыйым салды. Сот 2023 жылдың 5 қазанынан бастап өтті. Қылмыстық істі 2022 жылы Антикор қызметкерлері қозғады.

Азапталған тұтқындар "ФИК" Алел "зауытының қарамағындағы "Суздаль" кеніші құрамында алтын бар шикізатты ұрлады деп күдіктелген. Бұл – алтын өндіретін компанияның еншілес кәсіпорны.

Жәбірленуші тараптың айтуынша, "Алтын ОПГ" ісіне күдіктілер екі жыл бойы Астананың тергеу изоляторында болған. Олардан айғақтар заңсыз жолмен алынып бір жыл бойы аяусыз азаптаған. 

"Қалай азаптады деп ойлайсыздар? Су қайнататын құрылғыны ауыздарына салып, токқа қосқан, резеңкемен, жұдырықпен, таяқпен ұрып, үстеріне суық су құйған. Жалаң аяқ осы күйде көшеге шығарған. Оларды 20 сағат бойы қозғалыссыз тұруға мәжбүрлеген. Егер біреу қозғалса, жазалап ұрып-соққан. Адамдар бірнеше күн ұйықтамаған. Бұл айғақтарға қол қоймас бұрын жасалған. Ал тұтқындар тіпті өздерінің неге қол қойғанын да білмеген. Қабырғалары сынған, өкшелері жарақаттанған, құлақ қалқандары жарылған бір адамға операция жасалған. Ми шайқалуы мен грыжалар барлығында дерлік болған. 46 адам азапталған. Олардың ішінде 32 ұрлық жасады деген күдіктегі біздің жігіттер. Оларды арнайы жертөлеге әкеліп, сол жерде қинаған", – деді жәбірленушілердің бірінің әпкесі Құралай Өмірбаева.



Сот шешімімен адамдарды қинаған күдіктілер кінәлі деп танылып, оларға мынадай жаза тағайындалды: 

  • Еркін Аманов 6 жылға 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол мемлекеттік награда – "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалінен айырылды.
  • Қайрат Сартаев, Қуандық Мұхтарханов және Хамит Әбдіғали 5 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік награда – "Жауынгерлік ерігі үшін" медалінен айырылды.
Талқылау