Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Істің беті енді ашылып келеді": Ауруханадан шыққан Салтанат Нүкенованың әкесі сотқа қатысты пікір білдірді

Марқұм Салтанат Нүкенованың әкесі Амангелді Нүкенов жақында ғана ауруханадан шыққанын және қылмыстың егжей-тегжейі әлі белгісіз екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/aitym

Амангелді Нүкеновтың айтуынша, сот барысында тың деректер мен айғақтар анықталып жатқандықтан қылмыстың беті енді ашылып келе жатыр. 

“Бір Құдайға сенеміз. Біз жақында ғана ауруханадан шықтық. Процеске келіп жатырмыз. Байжанов – басты куәгер. Істің ашылмаған тұстары көп, қылмыстың беті енді ашылып келеді. Экс-министрдің изоляторда жатып екі адамның атын атағанын естідік. Оның бірі – Мусин. Әділет министрлігі мен прокуратура жеке тергеу жүргізіп, оның қалай вице-министр болғанын, бұл қалай болғанын анықтауы керек”, – дейді Салтанаттың әкесі. 



Амангелді Нүкеновтың айтқаны екінші айыпталушы Байжановтың мәлімдемесіне негізделген. Байжановтың айтуынша, уақытша ұстау изоляторында бәрі ұйқыға жатқан соң Бишімбаев бір вице-министр мен Мусиннің өзімен сөйлесуге келгенін айтқан. Алайда оларды көрген Байжанов дереу кері бұрылып, түрме қызметкерлерінен бұдан былай мұндай кездесулерге жол бермеуін сұраған. 

Еске салайық, бұған дейін Қуандық Бишімбаев Байжановтың өзін бопсалағанын айтқан еді.  

Талқылау