Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік сарапшылар Салтанат Нүкенованың өлімін "ескі жарақаты салдарынан көз жұмды" деп қорытындылады

Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысында оның адвокаттары ресейлік сот-медициналық сарапшыларының Салтанаттың өліміне байланысты шығарған шешімін оқыды. Онда марқұмның ескі гематоманың салдарынан көз жұмғаны жазылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото Айтбек Амангелдінің Instagram парақшасынан

Бишімбаевтың адвокаттары сотта Мәскеу қаласындағы "Н.И.Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінің" ресейлік сот-медициналық сарапшыларының қорытындысын баяндады.

Ресейлік сарапшылар қазақстандық мамандардың Нүкенова бас миының ауыр жарақаты салдарынан қайтыс болды деген тұжырымдарын жоққа шығарды. Олардың айтуынша, Салтанаттың өліміне 3-4 апта бұрын алған ескі гематомадан баста қан кетуі себеп болған. 



Сот Бишімбаев адвокаттарының өтініші бойынша шешім қабылдау үшін үзіліс жасап, кеңесу бөлмесіне кетті. 

Еске салсақ, Бишімбаевтың адвокаты жалған құжат жасады деген күдікке ілінгенін хабарлаған едік. Қазір тараптардың ресейлік сараптаманы алып тастауы және жалған құжат жасауы мүмкін деген мәселе қаралып жатыр.

Талқылау