Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Студентімен жақындасып, интимді суреттері үшін бопсалаған ба: Оғыз Доған өзін айыптағандарға жауап берді

Желіде “Оғыз Доған осыдан 8 жыл бұрын студент қызбен жақын қарым-қатынаста болып, интимді суреттері үшін бопсалаған” деген ақпарат тарады. Мұндай жаңалықты желі қолданушылары түрік БАҚ құралдарынан тауып алған. Алайда Оғыз Доған бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

оғыз доған

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Түрік сайтының мәліметіне сәйкес, Доған бір жыл бойы өзінің студентімен бірге азаматтық некеде тұрған. Айырылысып, арада 5 жыл өткен соң онымен дәмханада қайта кездескен. Бойжеткенге жыныстық қатынаспен айналысу туралы ұсыныс түсірген. Алайда қыз Доғанның кеудесінен кері итергендіктен, белсенді оның интимді суреттерін туысқандарына көрсетемін деп қорқытқан.

“Мен халықтың ар-намысын тек Қазақстанда емес, өзімнің туған жерімде қорғап жүрген адаммын. Бізде де өсек-аяң тарататын газеттер мен БАҚ құралдары бар. Бұл жағынан алғанда Түркия мен Қазақстанның айырмашылығы аса білінбейді. Ол мақалада жазылған нәрселер – жалған және жала. Онда неге құжатты жарияламаған? Полицейлермен қандай да бір байлынысым болса, қағаздарды жариялауға болатын еді?! Бұл бос сөз. Біз оларды сотқа беріп, жеңіп шықтық. Газетте аталған ақпаратты жоққа шығару туралы материал жарыққа шықты, алайда сайт оны әлі күнге дейін алмапты”, – дейді Доған.

Сондай-ақ, Доған ар-намысына тигені үшін соттан моралдық өтемақы талап еткенін айтты. Ол “бірнеше қазақстандық қыз Оғыз Доғаннан жүкті болып қалды” деген ақпаратты да жоққа шығарды. Айтуынша, оның патриоттық ұстанымын ұнатпайтындар “жалған өсек” таратқан.

Еске сала кетейік, қазақстандықтар Оғыз Доғанды даулы видеолары арқылы таниды. Өткен жылдың тамызында Оғыз Доған қазақ тілінде қызмет көрсетпегені үшін борт серікті видеоға түсіріп, Air Astana компаниясымен соттасқан болатын. Бұдан өзге, таяуда Оғыз Доған Qazkom банктің қызметкерін таспаға түсіріп, тағы да елді шулатты.

Тағы оқыңыз:

Тойдан үйіне қайтпақшы болған мас жолаушы Алматы әуежайында полиция қызметкерін теуіп, қорлады

Астанада сүйіктісінің жыныс мүшесін кесіп тастаған әйелге қатысты сот шешімі шықты

Алматы әкімінен ескерту алған «Атакент» әкімшілігі танымал кафені бұзып тастады (фото)

Құранды жатқа оқудан өткен сайыста жеңімпазға көлік кілті табысталды

 

Талқылау