"Стадион толтыратын жалғыз әнші": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты жер-көкке сыйғызбай мақтады
Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова кәріс отбасында тойда болып, отбасы мүшелерінің Қайрат Нұртасты қалай кұрметтейтінін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/
Той иелері өздерінің салт-дәстүрлері бойынша дүркіретіп, 70 жас ұйымдастырған.
“Тойдың иесі кәріс болғандықтан өздерінің ұлттық ерекшеліктеріне сай мейрамхананы безендіріпті. Бұл отбасы Қайратсыз той өткізбейді. Қайрат бос болмаса, той күнін алмастырып жібереді. Роберт ағамыз жаныма келіп, “Мен ылғи достарыма айтамын. Тура Қайрат сияқты үлкен концерт залы мен стадионды кім толтыра алады. Жалғыз Қайрат емес пе деп мақтанамын” дегенде төбем көкке жеткендей болды. Жалпы Қайрат барған тойда ылғи байқайтыным, алғашқы әнінде ешкім билемейді. Тек телефондарына түсіріп, қоршап алады. Екінші әнінде ғана билей бастайды. Үміт артқан ұл-қыздарымыз тек жақсылығымен қуантып, бақытқа жеткізсін!”, – деп сөзін түйіндеді продюсер.
Желі қолданушылары сүйікті әншілерін қолдап, сәттілік тілеп жатса, енді бірі фонограммамен айтқанын сынады. Әншінің анасы да оқырмандарына кері жауап қайтарып, орнына қойды.
“Қайрат – мен үшін Қазақстан бойынша №1 әнші. Әндері керемет, жүрекпен айтады. Алланың қазаққа берген бағы, аман болсын бауырым. Осындай ұлыңыз бар, бақытты анасыз. Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз. Тәрбиесі қандай, ата-анаға кішіпейіл, қарапайым”, “Бәрібір Димашқа жете алмайды”, “Гүлзира ханым, көп мақтана бермеңіз. Димаштың мамасы бірде бір рет ұлы туралы жазбайды. Үлгі алыңыз!”, “Фонограмма өшсе, Қайрат та өшеді”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Өз кезегінде өнер иесі “Музыкалық білімдерің жоқ, оның үстіне бекер сандырақтап отырсыңдар” деп жауап жазды.
Еске салайық, Қайрат Нұртастың әке-шешесі қалай танысқандарын айтып бергенін жазған едік.