Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қаржы легионерге төлем жасауға жұмсалған": Антикор футбол саласындағы миллиардтаған үстеме ақы төленгенін анықтады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агеттігі спортты қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері бойынша ведомствоаралық мәжіліс өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

футбол

Фото: Reuters

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жиында еліміздегі спортты дамытуға бөлінетін мемлекеттік қаражаттың ұтымсыз және тиімсіз жұмсалуына әкеп соқтыратын елеулі жемқорлық тәуекелдері мен факторлардың нәтижелері талқыланды. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысын тіркеген.

Антикор хабарлауынша, соңғы жылдары спорт саласындағы бюджет көлемі 1,4 триллион теңгеге жеткен. Бұған қарамастан Қазақстанның әлемдік спорттағы рейтингі төмендеп жатыр дейді.

Қазақстандағы спортшыларды натурализациялау, кәсіби клубтардың бюджеттерін қалыптастыру және легионерлерге төлемдерді қаржыландыру мәселесі мәжілісте де қаралды. Әйткенмен Тоқаевтың бюджет пен жалақы мөлшерін шектеу жөніндегі тапсырмасына қарамастан, еліміздің футбол кәсіподақ клубтары соңғы 3 жыл ішінде 30 миллиард теңгеден астам үстеме ақы төленіпті. Сонымен қатар өзінің спорттық инфрақұрылымын дамытудың орнына, бюджет қаражаты легионерлерге төлем жасауға және спорт нысандарын жалға алуға жұмсалды.

Талқылау