Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Спорт министрі әлем чемпионатының жүлдегерлеріне мемлекеттік сыйақы табыстады

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова әлем чемпионатының қатысушылары мен жаттықтырушыларын қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

министр

"Қазақстан егемен ел ретінде бокстан әлем чемпионатына 1993 жылдан бастап қатысып келеді. 15 чемпионатта біздің спортшылар 51 медальді қоржынға салды. Сербияда біз медаль саны бойынша АҚШ-ты басып озып, жалпы есепте Куба және Ресейден кейінгі үшінші орынға тұрақтадық. Бұл біздің бокстан әлемдегі үздік мемлекеттердің бірі екенімізді көрсетеді. Болашақта да боксшыларымыз ерен еңбектің арқасында жүлде қорын молайтады деп үміттенемін", - деді Райымқұлова. 

Мәдениет және спорт министрі чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне спорттық атақтарды, разраядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы және спортшысы атағын орындаған бапкерлер мен боксшыларды марапаттады. 

Айта кетейік, бұған дейін чемпионат жеңімпаздарына берілетін сыйақы мөлшері жайлы хабарлаған едік.  

министр 2

министр 3 

Талқылау