БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қай бетімді жыртайын": Мерует Түсіпбаева Сайрагүл Сауытбай туралы

Меруерт Түсіпбаеваның отандасымызға деген мейірімділігі жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева желідегі парақшасында отандасымыз Сайрагүл Сауытбайға Швеция босқын мәртебесін бергені туралы өкінішпен жазды. Қазақтың қызын паналата алмадық деп реніш білдірді өнер иесі.

"Тар заман, зар заман, қу заман. Өкінішті. Қай бетімді жыртайын. "Қазағым" деп пана іздеген қызына пана бола алмаған ағайынға не айтам. Кеше ғана, Павлодарда концертте жүргенімде, маған алғыс айтып, жіберген аудиоңдағы сөздің астары менімен қоштасу екенін ұқпадым мен. Жаным-ау, бала-шағаңның жанында, қайда жүрсең де, аман-есен жүрші", - дейді Меруерт Түсіпбаева.

Жазбаны көрген жұрт таңданысын жасырмады. Меруер Түсіпбаеваның мейірімділігіне тәнті болған желідегілер жағымды пікір білдіріп, қолдау көрсетіп жатты. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр