"Союз МС-13" ғарыш кемесі Қазақстанға қонды
"Союз МС-13" ғарыш кемесінің ұшу аппараты Қазақстанға қонды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғарыштан Жерге ресейлік Александр Скворцов пен АҚШ азаматшасы Кристина Кук пен итальяндық Лука Пармитано оралды.
Ресейдің "Роскосмос" ұйымының жетекшісі Дмитрий Рогозиннің мәліметінше, экипаж мүшелерінің жағдайы қанағаттандырарлық екен.
Ғарыштағы станцияда ресейлік Олег Скрипочки мен американдық Эндрю Моргана және Джессики Меир өз жұмыстарын жалғастыруда.
Ғарыш аппараты Қазақстанның Жезқазған қаласының маңына түсіпті.
Атап кетерлік жайт, американдық Кристина Кук ғарышта ең ұзақ болған әйел ретінде рекорд орнатты. Бұған дейін бұл рекорд 2017 жылы басқа американдық әйел Пегги Уитсонға тиесілі болған.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Кәсіпкерлер Қаржы министрлігінің "таза парағына" наразылық білдірді: Компанияларға айыппұлдарды кешіруге рұқсат берілмеді
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр