Сотталушыға зорланған оқушы қызға үйлен деген: Қылмыскерге ақылға қонымсыз ұсыныс жасаған судья көптің ызасына тиді
Үндістанда судья қылмыскерге түрмеден құтылу үшін зорланған қызға үйлен деп кеңес берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік мекемеде техник болып қызмет ететін сотталушы бойжеткені артынан аңдып, оны байлап, бірнеше рет зорланғаны үшін істі болған. Бұған қоса, ер азамат жәбірленушіні үстіне бензин құйып өртеп, бауырын өлтіремін деп қорқытқан. Жоғарғы сот төрағасы сотталушыға егер жәбірленушіге үйленсең, жазадан босатыласың, әйтпесе түрмеге қамаласың деп айтыпты.
Судьяның сөзі халықтың наразылығын тудырған. Мыңдаған адам петицияға қол қойып, оның отставкаға кетуін талап еткен. Онда судья осылайша жеткіншектің өмір бойы қор болып өтуіне жағдай жасамақшы болды делінген.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"