Сотта Бишімбаев көзіне жас алды (видео)
Әйелін өлтірді деп сотты болып отырған Бишімбаев жедел жәрдем қызметкерімен арада болған әңгіменің аудиожазбасын тыңдап отырып, көзіне жас алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Аудиожазбадан жедел жәрдем қызметкерлерінің “жүрегі соғып тұр ма, тынысы бар ма?” деп сұрап жатқанын естуге болады.
Аудиожазбада мынадай диалог болады:
Жедел жәрдем дәрігері: Саусақтарыңызды трахея бойымен мойынға қойыңыз. Тынысы бар ма?
Байжанов:
Жоқ. Сезбей тұрмын.
Жедел жәрдем дәрігері: Жедел жәрдем келгенше реанимациялық шараларды жүргізіңіз. Жатқан адамның жанынан кетпеңіз. Қолыңызды кеудеге тік қойыңыз, шынтағыңызды бүкпеңіз, 5 сантиметр тереңдікте 30 рет басыңыз. 30 рет санап, жүрек соғысын тексеріңіз.
Байжанов: Тынысы білінбейді.
Арғы беттен Бишімбаевтың: "Салта! Салта!" деп айқайлаған дауысы естіледі.
Айта кетейік, бұған дейін сотта Бишімбаевтың жеке қойын дәптеріне жазылған Салтанаттың қолхаты оқылды. Осыдан соң Бишімбаев не себепті жедел жәрдем шақырмай, көріпкелге хабарласқанын айтты
Еске салайық, Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды. Бұдан бөлек экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталған еді.