Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстанда болып жатқан жағдай ойландырды": Тұрмыстық зорлықтан көзінен айырылған әйел Әзірбайжандағы сот процесіне шағымданды

Бакулық Анастасия Бектимирова Instagram-дағы парақшасында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болғанын айтып, жарақатын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

Ол күйеуінің физикалық зорлық-зомбылығынан мүгедек болып қалғанын айтады. Алайда сот құқықбұзушыға қатысты әділетсіз шешім шығарыпты. Ол жұрттан қолдау сұрады. 

"Мен Бакуде тудым, осында 27 жыл тұрамын. Практик психологпын және өз кеңестеріммен адамдарға көмектесемін. Өкінішке қарай, бүгін мен сіздердің көмегіңіз бен қолдауыңызды қажет ететін қиындыққа тап болдым. Қазақстанда болып жатқан кейінгі оқиғаларға байланысты мен қазір басымнан өтіп жатқан жағдайды айтып беремін. Әйел ретінде сот жүйесінің озбырлығынан әбден қажыдым, еңсем түсті”, – дед әйел.

2022 жылдың 2 желтоқсанында Ялчин Бектимиров кезекті жанжал кезінде әйелді ұрып-соғып, балалардың көзінше көзін көгерткен. Соққылардың салдарынан сол көзі ағып кеткен. Әйелге шұғыл түрде ота жасалыпты. Ауруханада 5 күн жатқан. Кейіннен көзін алып, протез орнату үшін тағы 2 ота жасалды.

“Мен 4 сараптама жасаттым, оның екеуі менің қатысуымсыз шешілді. Екеуінің бірінде сарапшы мені мысқылдай келемеждеп, жоқ көзіме қарап, “көріп тұрсыз ба?” деген ыңғайсыз сұрақтар қойды. Көзім ағып кетсе де, сараптама қорытындысы жеңіл дене жарақаты деп шығарды. Олар бұған дейінгі глаукома көздің көрмей қалуына әсер етті деген қорытынды шығарды. Сонда адамның бүйрегінде тас болса және осы адамға шабуыл жасап, бүйрегін жараласа, сонда қаскөй емес, бүйректегі тас кінәлі бола ма?” – деді Анастасия.

Айтуынша, құзырлы органдар оның арызын ұзақ уақыт елемеген. Тек президент әкімшілігіне жүгінгеннен кейін іс қаралған. Тергеуші ағзаның жоғалуы мен бет-әлпеттің бұзылуы туралы бапты тағайындамай, "азаптау" бабын қойыпты

“Мен мүгедек болып қалдым, екі балам бар, тағы бір ота жасатуым керек, мұның бәрі қаржыны қажет етеді. Осы уақыт ішінде кінәлі адам денсаулығына байланысты ешқандай көмек көрсетпеген”, – деді жәбірленуші.

Прокурор қылмыскерді 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Бірақ сот тергеушінің үкімі мен сараптамасына сүйене отырып, "Азаптау" бабымен ең аз 2 жыл мерзім белгіледі.

Сот жеке зиянды өтеу туралы талап арызды қарамапты.

“Сот азаматтық істі қараған кезде менің ақшама некеде тұрғанда сатып алынған пәтерді екіге бөліп, баланың бар-жоғын да есепке алмады. Ипотека қарызын екіге бөлді. Сондай-ақ қылмыстық құқықбұзушылық жасағанына қарамастан, сот оны бостандыққа шыққаннан кейін пәтерге көшірді. Отбасылық көлік оның ағасы Бектимиров Эльчинге берілді, ол IT-маман ретінде бірнеше рет менің телефон нөмірімді, маңызды телефон қосымшаларымды және үйдегі интернетті бұзды. Мен қорқамын және өзімді қорғансыз сезінемін”, – деді әйел.

Ол сотталушы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып, қайтадан қауіп төндіре ме деп қорқады. Сот жәбірленуші балалармен тұратын пәтерге көшіру туралы шешім қабылдаған екен. 

25 сәуірде апелляциялық сот отырысы өтіп, онда түпкілікті шешім қабылданады. 

Талқылау