Сот Қайрат Құдайбергенді қамауға алу туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды
Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәліметі бойынша, 4 мамырда Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қайрат Құдайбергенді қамауға алу туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Адвокаттар шағымы қанағаттандырылмаған.
Бұған дейін тергеу соты Қайрат Құдайбергенді 30 тәулікке қамауға алуға санкция берген болатын.
Еске салайық, 22 сәуірде Қайрат Құдайбергеннің ұсталғанын Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі ресми түрде растаған болатын.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар