Сот Денис Теннің анасының шағымын негізсіз деп тапты
Жақында ғана арызданған Денис Теннің анасы Оксана Теннің шағымы негізсіз деп танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, баласының өліміне екі полиция инспекторы кінәлі деп, марқұм болған фигурист Денис Теннің анасы сотқа арызданған еді. Ол сол ұлына шабуыл кезінде екі тәртіп сақшысын көре тұра спортшыға көмекке асықпады деп айыптады. Сөзінше, тәжірибелі әрі жәрдем көрсетуге жаттыққан полицейллер Денис Тенге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетудің орнына шарасыздық танытқан. Сонымен қатар Оксана Тен жедел жәрдем қызметін де көшеде өтіп бара жатқан адамдар шақыртқан дейді.
Осыған орай қамыққан ана сотқа аталған екі инспектордың әрекетін тексеріп, оларды да жазаға тартуды өтінген.
Алматы қаласының ауданаралық соты оның шағымын негізсіз деп тауыпты.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі