Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Медициналық маскаларды ұрлаған: Сот Алматы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы қызметкерлеріне үкім шығарды

2020 жылы медициналық маскаларды ұрлау ісі бойынша Бостандық ауданының №2 соты Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанда алты судья жемқорлық үшін жазаланды

Іс қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы "адамдар тобының өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, алдын ала сөз байласуы бойынша аса ірі мөлшерде қаражат жымқыру және сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша қаралды. 

Бұдан басқа, V ЖШС құрылтайшысы мен директоры экономикалық контрабандаға, атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедені арқылы ірі сомаға тауарларды өткізгені үшін күдікті болған. Олар адамдар тобымен бірге жалған мәліметтер мен құжаттарды пайдаланған. 

Соттың мәліметінше, үш қабатты медициналық маскаларды жеткізуге тендер жарияланған. V ЖШС директоры мен құрылтайшысы медициналық маскаларды жеткізетінін айтқан. Дәйексіз құжаттар бойынша рұқсат алып, Қазақстан аумағына медициналық үш қабатты маскаларды емес, қарапайым маскаларды алып келген. Осылайша экономикалық контрабанда жасалып отыр.

Содан кейін V ЖШС директоры С ЖШС директорымен және басқа адамдармен, соның ішінде Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларымен сөз байласқан. Бұдан соң мемлекеттік сатып алу туралы келісім бойынша олар медициналық емес маскалар беріп, бөлінген қаражат ұрлаған.

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына келтірілген залал 234 миллион теңге болды. Алматы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне келтірілген залал 19 миллион теңгені құрады.

Прокурор жарыссөзде соттан барлық сотталушыларды тағылған айып бойынша кінәлі деп тануды және құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

"Аталған іс бойынша қылмыстық жауапкершілікке алты адам тартылды. Олар қылмыс жасауға қатысуына қарай қылмыстық жолмен алынған мүлікті (ақша қаражатын) тәркілей отырып, 3 жылдан 7 жылға дейін және 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген сот хабарламасында.

Сот мемлекет кірісіне материалдық залалды 254 миллион теңге сомасында өндіріп алды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау