Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Соңғы шешімді Тоқаев қабылдайды": Президенттің баспасөз хатшысы жаңа жарлықты түсіндірді

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаевтың «кадрлық жарлығына» қатысты әділет министрі Марат Бекетаевтың пікіріне баға берді.

«Соңғы шешімді президент қабылдайды»: Президенттің баспасөз хатшысы жаңа жарлықты түсіндірді

Берік Уәлидің сөзінше, Бекетаевтың аталған мәселеге қатысты пікірінің бұрыс тұстары бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

«Әділет министрінің түсіндірмесін қисынсыз деп санаймын. Мүмкін Бекетаев мырза тілшілердің қысымынан абдырап қалып, қате тұжырым жасаған шығар. Дегенмен мұндай жоғары деңгейдегі лауазымды тұлға кез келген мәселені өзінің функционалдық міндеті аясында әрқашан біліктілікпен түсіндіруі тиіс», - дейді президенттің баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, қазіргі мемлекет басшысының Қазақстанның тұңғыш президентімен кеңесуге құқығы бар. Алайда заңға сәйкес, ол соңғы шешімді өзі қабылдайды. 

«Әртүрлі көзқарас туғызған 2019 жылдың 9 қазандағы жарлықтың ережесі бар. Соған сәйкес, президент «ҚР мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы» ережеде көрсетілген процедуралардан тыс шешімдерді қабылдауға құқылы», - дейді Берік Уәли.

Сондай-ақ, баспасөз хатшысы Конституцияға сәйкес, үкімет мүшелерін, күштік құрылым басшылары мен басқа да ведомстволар жетекшілерін, сонымен қатар өңірлердің басшыларын тағайындауға қатысты барлық шешімдерді тек президент қабылдайтынын атап өтті. 

«Пікірталас тудырған осы жарлыққа қатысты айтар болсақ, ол тек рәсімдік сипатта. Сондықтан мемлекет басшысының конституциялық міндеттері мен функциясын атқаруға ешқандай кедергі келтіре алмайды», - дейді Уәли.

Айта кетейік, бұдан былай Тоқаев лауазымды тұлғаларды Назарбаевтың келісімімен тағайындайды. Жаңа жарлықтан кейін әділет министрі Назарбаевтың жаңа өкілеттігін түсіндірді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Марғау 20 минут бойы жұмыс істеп тұрған кір жуғыш мәшиненің ішінде қалып, одан аман шыққан

Мысықтың иесі оны байқамай, қондырғыны іске қосып жіберіпті

Қарағандыдағы ұрланып, кейін қаза болған баланың анасы өлім жазасын талап етіп отыр

Полиция дұрыс әрекет етсе, балам тірі жүрер еді

Нұржан Қалжан: Хайп жасап атымды шығармай-ақ қойдым

Әнші өзінің хайп қумайтындығын жасырмады

«Орыстың қыздарына мүлдем бармаймын»: Мұқасан Шахзодаев қазақ аруларын ерекше бағалайтынын айтты

Әнші оған қоса ішімдік ішетіндігін де жасырмады

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы: Қазақстан – көпұлтты мемлекет емес

"Қазақ жерін иемденген жалғыз ұлт - қазақ"

Қазақстандықтардың шетелдік сайттардан зат сатып алуы қиындайды: Жаңа ереже 1 қаңтардан бастап іске қосылады

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді

Мұқасан Шахзадаев: Жұбайының өзі Нұрланды мен сияқты білмейді

Отыз жылға жуық уақыт бір-бірімізді танимыз

Талдықорғанның көшелерінде бірнеше азамат көкпар ұйымдастырған (видео)

Оқиға 9 желтоқсан күні орын алған

34 жастағы филяндиялық әйел ең жас премьер-министр атанбақшы

Санна Марин жаңа қызметіне президент қол қойған соң барып кіреседі

«Әкеме тіл тигізді»: Мұқасан Шахзадаев топтың неге тарағанын ашып айтты

Арамыздағы ақша мәселесіне көз жұмған едім
Çàãðóçêà...