Соңғы лицензиялық турнирде "классиктер" жеңіліп қалды
Грек-рим күресінің шеберлері Париж олимпиадасына жолдама беретін соңғы лицензиялық турнирде жеңіліске ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан соңғы әлемдік лицензиялық турнирде сынға түскен грек-рим күрес шеберлері жеңіліп, жолдамасыз қалды. 67 келіде белдескен Дінмұхамед Қошқар алғашқы белдесуінде өзбек балуанын ұтса, екінші айналымда Еуропа чемпионы, румыниялық Михай Михуцты мерзімінен бұрын жеңді. Дегенмен ширек финалда грузин балуаны Рамаз Зоидзеге есе жіберді. Бірақ Зоидзенің финалға шығуына байланысты отандасымыздың үшінші жолдамаға таласу мүмкіндігі пайда болды. Ал 97 келідегі Юсуф Мациев алғашқы айналымнан аса алмай, жарысты ерте аяқтады.
Айта кетейік, Бішкекте өткен Азия құрлығының лицензиялық турнирінде қазақстандық грек-рим күрес шеберлері үш жолдама жеңіп алған еді.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген

