Қазақстан негізгі азық-түлікпен өзін толықтай қамтамасыз етіп отыр – Сауда министрі
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанда ұн, күнбағыс майы, күріш, картоп, пияз, сәбіз, макарон өнімдері, сиыр және қой еті бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 100 пайыздан асқанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкімет отырысында Шаққалиев отандық өндірушілер қазіргі уақытта негізгі азық-түлік өнімдерінің басым бөлігі бойынша ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп отырғанын алға тартты.
"Күнбағыс майы, ұн, күріш, картоп, пияз, сәбіз, макарон өнімдері, сиыр және қой еті бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 100 пайыздан асады. Ал сүт пен жұмыртқаға деген ішкі сұраныс толықтай дерлік қамтамасыз етіліп отыр", – деді Арман Шаққалиев.
Қаңтар-маусым айлары аралығында елдегі ішкі тауар айналымының көлемі 36,2 триллион теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3 пайызға жоғары. Өсімнің негізгі үлесін азық-түлік сегменті қамтамасыз етіп, онда көрсеткіш шамамен 30 пайызға артқан.
Жүргізушілер Алматы әуежайында жолаушыларды түсіргені үшін салынған айыппұлдарға шағымданды: Полиция не дейді?
Полиция: "Әуежай аумағының жекелеген учаскелерінде 3.28 "Тоқтауға тыйым салынады" жол белгілері орнатылған"
Хлор мен уксусты араластырып ыдыс жуған қазақстандық әйел ауруханадан бір-ақ шықты
Дәрігер: “Қышқылдар мен күшті сілтілер өңеш пен асқазанның ауыр химиялық күйігін туғызады”
