"Мораль тұрғысынан дұрыс емес": Бектенов отандық тауарларға көзқарасты өзгертуге шақырды
Премьер-министр Олжас Бектенов бөлшек сауда желілерінің иелерін Қазақстанда жасалған тауарларға деген көзқарастарын қайта қарауға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкімет басшысының айтуынша, отандық халық тұтынатын тауар өндірушілер сауда орындарына қолжетімділік мәселесіне жиі тап болады. Оның ішінде жалдау ақысының қымбаттығы да кедергі келтіреді.

Бектенов бұл жағдай қазақстандық өнімдердің ішкі нарықтағы үлесін арттыруға кедергі келтіріп, олардың бәсекеге қабілеттілігін төмендететінін атап өтті.
"Сауда желілерінің иелері қазақстандық өндіріс тауарларына деген көзқарасын қайта қарауы керек деп есептеймін. Отандық өнімдерге зиян келтіре отырып, импорттық тауарларға басымдық беру тек құқықтық тұрғыдан емес, мораль тұрғысынан да дұрыс емес", – деді Бектенов.
Премьер-министр сауда және интеграция министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен, өңір әкімдіктерімен және "Атамекен" палатасымен бірлесіп, барлық санаттағы отандық тауар өндірушілерге сауда алаңдарын жалға алуда қолайлы жағдай жасау тетіктерін әзірлеуді тапсырды.
Атап айтқанда, әңгіме жеңіл өнеркәсіп және тұрмыстық химия өнімдерін өндірушілер туралы болып отыр.
Қазақстандық банк қолданушылары шоттан жаппай ақша жоғалғанын байқаған: Банктің жауабы қандай
Freedom Bank баспасөз қызметі мәселені шешіп жатқанын мәлімдеді
Жүргізушілер Алматы әуежайында жолаушыларды түсіргені үшін салынған айыппұлдарға шағымданды: Полиция не дейді?
Полиция: "Әуежай аумағының жекелеген учаскелерінде 3.28 "Тоқтауға тыйым салынады" жол белгілері орнатылған"