Cауда министрі Қазақстанда еттің қымбаттауын сұраныстың өсуімен байланыстырды

Сауда және өнеркәсіп министрі Арман Шаққалиев үкіметтік брифингте Қазақстандағы ет бағасының өсуі туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Брифинг барысында журналистер ет бағасының қайтадан айтарлықтай өскенін көрсететін статистикалық мәліметтерді келтірді. Қой еті жыл ішінде ең көп қымбаттаған өнім болып, орташа есеппен 27,7% өсім көрсетті. Сиыр еті, тартылған ет және тауық еті де кем түскен жоқ.
"Шынымен де, біз ет өнімдерінің баға динамикасын көріп отырмыз. Бүгінде баға динамикасын қарастырсақ, аса қатты емес, өсім бар, бірақ тек орташа деңгейде. Бүгінгі таңда ең маңыздысы – еттің қолжетімді болуы. Мысалы6 өткен демалыс күндері нарықтағы бағаны бақыладық – килограмына 3700 теңге. Бұл сүйекті сиыр еті, бөлшек сауда желілерінде ол сәл жоғары", – деп мойындады Шаққалиев.
Ол бағаның өсуін етке деген сұраныстың жоғары болуымен байланыстырды.
Оның айтуынша, әлемнің көптеген елдерінде сиыр еті тұтыну айтарлықтай өсті.
"Біз жаһандық процестердің ажырамас бөлігіміз, сондықтан егер өсім болса, мысалы, Өзбекстанда сұраныс жоғары болса, бизнес бізді таңдайды. Парсы шығанағындағы белгілі оқиғалар қой еті бағасының құбылмалылығына әсер етті. Дегенмен тағы да атап өткім келеді, қазір бағаның аса бір құбылмалылығын көріп отырған жоқпыз. Бағалар өзгеріп жатыр, бірақ олар жалпы алғанда тұрақты және қазір мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуде ешқандай үзілістер жоқ", – деді министр.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген
Оқыңыз