Солтүстік Қазақстанда полиция подполковнигі 1 миллион теңге пара берді деп айыпталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары парамен ұсталды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Telegram-арналарда 37 жастағы полиция подполковнигі Фархад Есімовтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Дереккөздердің мәліметінше, ол 1 миллион теңгеден астам пара бермек болғанда қолға түскен.
Журналистердің сауалына жауап берген Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сай, өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – деді ведомстводағылар.
Бұған дейін Қазақстанда жемқорлық үшін жауапкершілік күшейтілетіні туралы жазған едік. Мәжілісте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң жобасы талқыланды.
Айдос Сарым заң талаптарын күшейтуді ұсынды. Оның сөзінше, енді пара бергені немесе алғаны үшін ғана емес, оған дейінгі әрекеттер үшін де жауапкершілік қарастырылады.
“Заң жобасында пара беруге уәде ету, ұсыну немесе талап ету сияқты әрекеттерді қылмыс ретінде қарастыру ұсынылып отыр”, – деді Айдос Сарым.
Айдос Сарымның сөзінше, енді жемқорлық болған соң жазалау ғана емес, оның алдын алуға да басымдық беріледі.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Оқыңыз