Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Кореяда "Кальмар ойыны" сериалын заңсыз таратқан адам өлім жазасына кесілді

Солтүстік Корея тұрғыны "Кальмар ойыны" сериалын заңсыз таратқаны үшін өлім жазасын кесілді. Ер адам сериалдың үзінділері жазылған флешканы сатқан. Ал сатып алған жеті оқушы қамауға алынды. Бұл туралы Radio Free Asia басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кальмар ойыны

Басылым дерегіне сүйенсек, қамауға алынған оқушылардың біреуі өмір бойына бас бостандығынан айрылған. Қалғандары 5 жылға сотталды. 

Қазір оқу орнында тінту жұмыстары басталған. Кейбір ақпараттарға сәйкес мектеп директоры, жастар мәселесі бойынша хатшы және сынып жетекшісі жұмысынан босатылған. Олар жаза ретінде көмір шахтасына да жіберілуі мүмкін. 

Бұл 2021 жылы Солтүстік Кореяда қабылданған "Зиянды ойларды және мәдениеттерді жою" туралы заң негізіндегі алғашқы жаза екені айтылған. Заң жобасында "капиталистік елдер" - Оңтүстік Корея және АҚШ елдерінен келген кітаптар мен фильмдерді сақтағаны үшін өлім жазасын тағайындау мәселесі қарастырылған. 

Айта кету керек, бр ай бұрын Солтүстік Корея билігі "Кальмар ойыны" сериалын сынға алып, "Оңтүстік Кореядағы капиталистік қоғамның жабайылығы" деп бағалаған.

Талқылау