Солтүстік Корея Жапонияға 24-31 тамыз аралығында барлау спутнигін ұшырмақ
Солтүстік Корея Жапонияға 24-31 тамыз аралығында барлау спутнигін ұшыру ниеті барын жеткізді. Әскери барлау спутнигі Сары және Шығыс Қытай теңіздері бағытында ұшырылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі UPI басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жапония, Америка Құрама Штаттары және Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяға спутник ұшырмауды қатаң түрде ескертті.
Ал Токио қорғаныс министрлігі қауіптің алдын алу үшін біршама шараларды қарастырып жатыр.
"Солтүстік Кореяның бірнеше рет баллистикалық зымыран ұшыруы Жапонияның, аймақтың және халықаралық қауымдастықтың тыныштығы мен қауіпсіздігіне кесірін тигізеді", – дейді Біріккен Ұлттар Ұйымы.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған