Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Соғыста жүргендей болдым": Жазира Байырбекова келін болып түскен кезін есіне алды

Белгілі әнші Жазира Байырбекова келін болып түскен жылдарын есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhazira_bairbekova/

Өнер иесі енесімен тұрған кезде қиналған кезін жасырмады.  

"Келін болып түскен уақытта қиын болғанын жасырмаймын. Төркініме қыдырып барып, қайтып келе жатқанда пойыздан Арал көріне бастағанда жүрегім соғысқа кіріп жатқандай тарсылдап соғатын. Сол жақта жүру маған соғыстай жүргендей болды. Ол жерде ешкім соғысып жатқан жоқ. Бірақ қаталдықты көрмегенмін ғой. Солай күйзелісте болдым. Бірақ олардың болмысы сондай еді. Оларды да кінәлай алмаймын. Қиын болғаны рас. 2 жылда 20 келі тастап келгенім бар", – деді өнер иесі.



Сонымен қатар әнші отбасындағы жанжалдың кесірінен төркініне кетіп қалғанын айтты.  

“Шаңырақ көтергенде “кетемін, болды” деген кез болды. Баламды алып, бәріміз пойызға отырдық. Жолда екі сағат бойы ойланып келдім. "Қазір үйге қалай кіремін? Әке-шешемнің көңілі түсетін болды ғой. Қай бетіммен барамын? Өзім тауып, ғашық болып таңдаған күйеуім ғой" деп ойладым. Аралдан Қазалыға жетер кезде "Апа, үйге қайтайықшы, осы жерден түсіп қалайықшы" дедім. Апам баланы қолға алып, "уф" деді. "Сен Жанболатқа сенбе, өзің көнемін десең түсеміз" деді. Сол кезде түсіп, қайтадан үйге қайттық. Сол барғаннан қалдым. Бірақ сол күннен кейін көп нәрсе өзгерді. Мен басылдым, еркелігімді қойдым", –деді Байырбекова. 

Еске салайық, Жазира Байырбекова енесімен қарым-қатынасын айтып берген еді. 

Талқылау