SME Banking Agency нұсқасы бойынша Bereke Business Орталық Азиядағы бизнеске қызмет көрсететін банктер арасында көшбасшы атанды

TOP 20 SME Banks Central Asia 2026 зерттеуінің қорытындысы бойынша Bereke Business Орталық Азиядағы шағын және орта бизнеске қызмет көрсететін үздік банктердің қатарына енді. Биыл банк рейтингтің бірден бес негізгі бағыты бойынша марапатқа ие болды.
Bereke Business цифрлық қызметтер және бизнесті қаржыландыру бағыттарында ең жоғары нәтижеге қол жеткізіп, бірінші орынға ие болды. Сонымен қатар банк күнделікті қызмет көрсету, бизнеске арналған кешенді шешімдер және ESG бағыты бойынша өңірдегі үздік үштіктің қатарынан көрінді.
Рейтинг қорытындылары:
- 1-орын — Digital Banking;
- 1-орын — Business Financing;
- 2-орын — Daily Banking;
- 3-орын — Business Banking;
- 3-орын — ESG.
TOP 20 SME Banks Central Asia рейтингі банктің кәсіпкерлерге күнделікті қызмет көрсету деңгейін бағалайды. Сарапшылар цифрлық қызметті, қаржыландырудың қолжетімділігін, күнделікті банктік қызметтің сапасын, бизнеске арналған өнімдерді, ESG бағытын және өзге де маңызды көрсеткіштерді жан-жақты талдайды.
Рейтингтегі жоғары нәтиже Bereke Business-тің кәсіпкерлерге арналған экожүйені дамыту стратегиясының тиімділігін көрсетті. Цифрлық қызметтер мен қаржыландыру құралдарынан бөлек, банк сыртқы экономикалық қызмет бойынша Құзыреттер орталығын іске қосты, жедел халықаралық аударымдарды, факторингті және ақша ағындарын басқару шешімдерін дамытуда. Аталған қызметтер кәсіпкерлерге шетел нарықтарына оңай шығуға, жедел есеп айырысуға және бизнесті дамытуға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.
"Біз өз стратегиямызды жай ғана қаржы институты болумен шектемей, кәсіпкерлерге күрделі әрі үнемі өзгеріп отыратын бизнес ортада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін сенімді серіктес болуға бағыттадық", — деп атап өтті "Bereke Bank" АҚ-ның (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) цифрлық арналардағы өнімдерді әзірлеу және дамыту жөніндегі атқарушы директоры Гүлмира Акинбашина.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 27.02.2025 жылы берген №1.1.199 лицензия
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді