Смайыловтың Болат Назарбаевтың жерлеу рәсіміне қатысуына байланысты үкімет отырысы кейінге шегерілді
Бүгін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевты жерлеу рәсімі өтіп, оған премьер-министр Әлихан Смайылов қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Болат Назарбаевтың жерлеу рәсімі туып-өскен жері Алматы облысының Шамалған ауылында өтті. Қаралы жиынға экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев, әпкесі Әнипа Назарбаева, Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталов, "Антикор" ұйымының экс-төрағасы Алик Шпекбаев қатысты.
Қоштасу рәсіміне үкімет басшысы Әлихан Смайылов та қатысты. Бүгін өтуі тиіс дәстүрлі үкімет отырысы премьер-министрдің Болат Назарбаевтың жерлеу рәсіміне қатысуына байланысты кейінге шегерілген. Министрлік өкілдерінің жиыны әдетте әр сейсенбіде сағат 10:00-де өтеді. Алайда бүгін отырыстың өтетіні хабарланған жоқ.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды