Смартфонның жанында ұйықтаудың қаупі анықталды
Ресейлік невропатолог, "СМ-Клиника" сомнологы Ольга Зинчева ұйықтар алдында смартфондарды пайдаланудың қаупін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Известия" басылымына сілтеме жасап.

Маманның сөзінше, адам ұйықтап жатқанда жанына смартфон қоюына болмайды. Гаджеттен бөлінетін радиожиілік сәуле адамның тіндеріне сіңіп, денсаулыққа теріс әсер етуі мүмкін. Егер телефонды қуаттағышқа қойып қалдырса, өрт қаупі артады.
Сәулелену бедеулік, қатерлі ісік, неврологиялық және психикалық бұзылулар қаупін арттырады. Дегенмен, смартфондардың ағзаға қауіпті әсері туралы айтуға мүмкіндік беретін деректер әзіргежоқ, деп атап өтті дәрігер.
"Телефон экранының көгілдір жарығы көзге, биологиялық ырғақтарға теріс әсер етеді, ұйқысыздықты, бас ауруын, өнімділіктің төмендеуін, есте сақтау қабілетінің бұзылуын тудырады және көздің дистрофиялық ауруларының пайда болуын әкеледі", — деді Зинчева.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған