Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Смартфондар нарығындағы 2025 жылдың басты тенденциясы белгілі болды

2025 жылы нарықта аккумулятор сыйымдылығы өте жоғары смартфондар пайда болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Android Authority басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

телефон сток

Фото: pixabay.com

Журналистер жаңа Realme Neo 7 смартфонына назар аударған. Оның батарея сыйымдылығы сағатына 7000 миллиампер. Мамандардың айтуынша, батарея сегментіндегі жаңашылдық осындай жоғары сыйымдылыққа қол жеткізуге мүмкіндік берген. 

Материалда өндірушілердің ұзақ уақыт жұмыс істейтін құрылғыны қалайтын тұтынушыларға басымдық беретіні айтылған. Мұндай тұтынушылар үшін жасанды интеллект пен өзге де жаңашылдықтар аса қызық емес. Бұл дерекке сүйене отырып 2025 жылы смартфондар нарығында батарея сыйымдылығының басты тенденцияға айналатынын болжам отыр. 

Сондай-ақ Android Authority журналистері сыйымдылығы жоғары батареялар қолжетімді телефонда да пайда болады дейді. Олардың сөзінше, инновациялық аккумуляторлар жұмыс уақытын 2-3 есеге ұзартып, телефонның салмағын ауырлатпайды. 

Талқылау