СҚО-да 10 жасар бала өз өміріне қауіп төнсе де сәбидің өмірін сақтап қалды
Солтүстік Қазақстанда 10 жастағы Имран Бағдат бүлдіршінді аман алып қалды.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Имран Көкшеау қаласында тұрады. Қазір жазғы демалыста Кішкенекөл ауылында атасы мен әжесінің үйінде жүр.
Балалар құмда ойнап жүреді. Осы кезде көрші үйдің 2 жасар баласы қақпағы дұрыс жабылмайтын құдыққа мініп алады. Мұны байқап қалған Имран уақыт жоғалтпас үшін құдыққа келіп, үлкендерді де көмекке шақырмастан өзі тұра ұмтылады. Баланы көтеріп шығарған. Өзі дене жарақаттарын алған. Оған емханада тиісті ем көрсетілді.
Тағы да оқыңыз:
Кешірім сұрады: Ақтөбеде 2500 теңге үшін кафе әкімшісін өлтірген жігіттер сотталып жатыр
Германиядағы шеруге Қазақстаннан барған гей жұп өздері жайлы айтып берді (фото)
Ақтөбе облысында пара алып жұмысынан қуылған шенеунік лауазымды қызметке тағайындалды
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды