СҚО-дағы ауылдардың бірінде жаппай мал қырылып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Уәлиханов ауданының Мортық ауылында мал жаппай қырылып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгісіз дерттен арам қатқан сиыр-бұқаларды ауыл тұрғындары телефонға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады.
Бейнежазба авторы Бұйдамхан Әбдікерім 7 жыл бұрын "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасымен несие алып, мал басын көбейткен. Қазір оның қорасында 60-тан астам түлік бар.
Шаруаның айтуынша, жаздан бері ауылда белгісіз дерттен 20 сиыр өлген. Облыстық ветеринария басқармасының өкілдері қан сараптамасын алып, зертханаға жіберген. Оның нәтижесі әлі шыққан жоқ. Ал жергілікті шаруалар аурудың белгілері "Қарасан"-ға ұқсайтынын айтады.
“Бұл қарасан менің малымды 3 жыл бұрын да өлтірген болатын. Мұның себебі бұл көктемде берілетін вакцина малдарға егілген жоқ. Сондықтан бұл ауру шығып отыр”, – дейді ауыл тұрғыны Байдамхан Әбдікерім.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі