СҚО-да бүтін бір отбасы уланып, екі бала көз жұмды: Өлімнің себебі анықталды
Солтүстік Қазақстан облысында көз жұмған бір отбасы балаларының неден уланғаны белгілі болды. Деректерге сүйенсек, олар нитрит тұздарына уланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Freepik.com
Аймақтық полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында отбасының улану себебі анықталған. Сараптама нәтижесінде балалар нитритпен жедел уланудан көз жұмғаны көрсетілген.
"Істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Өзге де мәліметтер жария етілмейді", – делінген хабарламада.
Нитрит – азот қышқылының тұздары. Олар әдетте ет өнімдерін маринадтап, ыстау және консервант жасау кезінде қолданылады.
Еске салсақ, осыған дейін СҚО-да шұжық пен тұшпарадан уланған отбасының екі баласы көз жұмғаны туралы хабарлаған едік.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"