СҚО-да тұрғын үйде газ жарылып, жасөспірім қаза тапты
СҚО Аққайың ауданы Смирново ауылында екі қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға салдарынан 2011 жылы туған қыз бала қаза тапты. 2001 жылы туған азамат жарақат алып, орталық облыстық ауруханаға жатқызылған.
"8 желтоқсан күні сағат 14.50-де Смирново облыс орталығының өрт сөндіру бөліміне Титова көшесіндегі екі қабатты, үш кіреберісті тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасының жарылғаны туралы ақпарат келіп түсті. 60 шаршы метр аумақ өртеніп, терезелері сынған, ғимаратқа зақым келген", – делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Құтқарушылар жарылыс болған үйден тоғыз адамды эвакуациялады. Төтенше жағдай орнына облыс әкімі мен мемлекеттік органдардың өкілдері шықты.
"Сағат 17.03-те өрт сөндірілді. Өртті жоюға төрт бірлік техника мен жеке құрамның 15 қызметкері, полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Жарылыстың себептері мен шығыны анықталуда", – делінген хабарламада.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады