СҚО-да екі жасар қыз терезеден құлап кетті: Полиция тергеу бастады
26 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында 2 жасар қыз терезеден құлап кетті. Қазір полицейлер аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Қызылжар ауданының орталығы Бескөлде болған. Бала бірден СҚО облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Анықталғандай, бүлдіршін жоғары сыныпта оқитын әпкесінің қарауында болған. Алайда бала ашық тұрған терезеден құлап кеткен.
Ммедицина қызметкерлерінің мәліметіне сәйкес қазір баланың жағдайы қалыпты. Аталған факті бойынша материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына шығарылады.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады