Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да ауыл тұрғындары жұмбақ жағдайда көз жұмуда

Солтүстік Қазақстан облысының Бұлақ аулында адамдар жұмбақ жағдайда көз жұмуды. Соңғы жылда ауданда ондаған адам қатерлі ісіктен көз жұмыпты. Олардың кейбірінің алтын қазатын кәсіпорынмен байланысы болған. 

СҚО-да ауыл тұрғындары жұмбақ жағдайда көз жұмуда

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұлақ аулының тұрғындары өңірдегі дертке шалдыққандардың көбеюіне сол маңға жақын орналасқан алтын кен орны себеп екенін сенімді.

Айтуыларынша, қатерлі дерттен жастар да, кен орнындағы жұмысқа дейін сау болған адамдар да көз жұмуда. 

2014 жылдан бері жұмыс істей бастаған кен орны ресейлік инвесторлармен жүзеге асырылуда. Кен орнында түрлі жұмыстарды істеп жүргендердің ішінде жергілікті тұрғындар да бар. Алайда олардың көбі мұнда ұзақ тұрақтамайды екен. Алтын қазу денсаулықтарына жылдам әсер ететін көрінеді. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, жарты жыл ішінде 7 ауылдасы қайтыс болыпты. 

«Кен орны жұмысын бастап алдында экологияға қатысты қиындықтар болмайтыны айтылды. Әр үш ай сайын сараптама жүргізіледі деді. Ал енді мұнда жұмыс істеген ер адамдар жастай бақилық болуда», - дейді ауыл тұрғыны Қадыржан Шопанаев.

Ал Тілектес Есжанов есімді тұрғын ағасының аз уақыт ішінде көз жұмғанын айтады. Ағасы кәсіпорынға жұмысқа орналспас бұрын дені сау болған екен. Ол өзі де біраз уақыт кен орнында жұмыс істеген. Аз уақыттан кейін өзі де дертті болыпты. 

«Кен орнында қалай жұмыс істей бастадым, солай қан қысымыма қатысты қиындықтар пайда болды. 160-170-ке дейін көтеріліп кететін. Дәрігерлер мені ол жерге жібермеді. Біз өзіміз кен орнынан сынамаларды алып көрдік. Иісі өте өткір. Ағам да осы кен орнында жұмыс істеп, көз жұмды», - дейді Есжанов. 

Алтын қазатын компания өкілдерін жұмыс орнынан табу мүмкін болмады. Ал аудандық әкімдіктегілер кен орнындағы радиация рұқсат етілген нормадан аспайтынын айтты. Шенеуніктердің сөзінше, Бұлақ аулындағы өлім-жітім деңгейі шынымен де жоғары. Алайда ол табиғи құбылыс, дейді. 

«Онкологиялық дерт бойынша өсім байқалмайды. Халық санының азаюы тұрғындардың қартаюына, бала туу көрсеткішінің төмендігіне байланысты. Сонымен қатар көшіп кетіп жатқандар да бар», - дейді Есіл ауданы әкімнің орынбасары Еділ Тұтқышев.

Алайда облыстық онкология бөліміндегілердің мәліметі басқа. Ондағылар Есіл ауданыны дерт бойынша рейтингте көш бастап тұрғанын айтады. Биылғы жылы 10 айдың ішінде 78 адам дертті болып, 26-сы көз жұмыпты. Ал себебін ешкім анықтамаған.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Құдыққа құлап қаза тапқан баланың анасы Алтай Күлгіновпен кездесуді армандайды

Ұлдың өліміне кінәлі деп табылған компанияның жетекшісі әйелге көңіл айтпаған

Қазақстанда есірткіні жарнамалаған компания қомақты айыппұл төлеуге мәжбүр

Жарнамаға тапсырыс беруші заң жүзінде жазаланады

Атырауда 4 жасар бала 100 теңгені жұтып қойып, бір өлімнен аман қалды

Жүз теңгелік монетаның диаметрі кішкентай бала тұрмақ, үлкен адамның өңешін бітеп тастайды

Экономистер жиналған қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдалануды ұсынды

Мамандар елімізде алты миллионнан көп адамның үй-күйсіз жүргенін негізге алды

"Манчестер Юнайтед" футболшыларын Нұр-Сұлтандағы өмір шошытты

Футболшыларға елорда көшелерінде ұзақ жүрмеуге кеңес берді

"Жетім балаларды шетелге сатуды тоқтатсын!": Әмина қажы қаракөздеріміздің шетел асып кетуіне қарсы шықты

Әмина қажы: Шетелде дені сау қара домалақтарымызды арам пиғылда пайдаланбауына кім кепіл?!

Бекболат Тілеухан: Педофилдердің жақсылап тұрып басын жұлып алушы едім

Депутаттар Тараздағы мектеп әжетханасында оқушы қыздың зорланғанына алаңдаушылық білдірді

Алматыда маньяк жүр: Ер адам 12 жастағы оқушыға пышақпен тап берді

Қазір қаскөйді тәртіп сақшылары іздеп жатыр

Қазақстанда есірткі жарнамасы бар 8 баннер анықталды

Олардың жарнамалық компанияның тапсырысымен орнатылғаны атап өтілді

Таразда зорланған оқушы үшін облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

Зорлау фактісі бойынша тергеу жалғасуда
Çàãðóçêà...