СҚО-да аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді
Солтүстік Қазақстан облысында аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
“Лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар автожолдарды жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойып, жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектісінен 10 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді”, – деп мәлімдеді Антикор.
Тергеу сотының санкциясымен "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.Тергеу жалғасып жатыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзге ақпаратты жариялаудан бас тартты.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"