СҚО-да 22 жастағы қыз бес күннен бері іздестіріліп жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер мен еріктілер із-түзсіз жоғалып кеткен жас қызды іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің ақпараты бойынша, 22 жастағы Елизавета Матюхина Петропавлдағы Уәлиханов көшесінде орналасқан үйден 3 сәуір күні түстен кейін шығып кетіп, қайта оралмаған.
Осы уақытқа дейін оның қайда екендігі туралы ештеңе белгісіз. Криминалдық полиция: арық денелі, бойы шамамен 166 см, шашы қоңыр, ұзын, қой көзді. Қара түсті капюшоны бар күртеше, қара-көк түсті шалбар, көк түсті галош киген.
Қала бойынша жоғалған суреттерді еріктілер жапсыруда. Қыз туралы қандай да бір ақпараты бар полицейлер телефон арқылы хабарлауды сұрайды:
8(7152) 39-48-37, 39-48-07,
8-747-559-70-71 немесе 102 нөміріне.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі