Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біраз уақыттан бері болмаған едім": СҚО-да ер адам 19 жастағы қызды зорлап, кейін отбасы үшін кешіруді сұраған

Солтүстік Қазақстан облысында ер адам зорлық құрбанынан отбасы үшін кешірім беруді сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: v-kurse.ru

19 жастағы қыздың басынан өткерген оқиғасын қоғам белсендісі Дина Таңсәрі бөлісті. 

Жәбірленушінің айтуынша, қайғылы жағдай 22 маусым күні болған. Сараптама қыздың денесінде көптеген жарақат барын анықтады. 

"Қыз ескі досымен кездесу ұйымдастырған. Досы кездесуге тағы бір ер адамды ертіп келген. Ол қыздың қарсылығына қарамастан, тиіскен. Жәбірленуші өзінен екі метр жерде тұрған досынан көмек сұраған. Алайда ол мүлде көмекке келмеген", – делінген хабарламада.

Жазбада қыздың басының көгергені, гематомалар болғаны және киімнің жыртылып, созылғаны жазылған.



"Жәбірленуші бірден полицияға хабарласқан. Айыртау аудандық ішкі істер бөлімі күдікті мен жәбірленушіні сараптамаға бір көлікпен алып барған. Қызметкерлер дүкенге кетіп, екеуін көлік ішінде жалғыз қалдырған. Сол кезде күдікті қызға: "Мені кешіріңізші, отбасылы адаммын, сондықтан ұзақ уақыттан бері мен мұндаймен айналыспадым" деп айтқан. Зорлық жасаған адам мен оның досы бостандықта. Олар ұсталмаған. Емін-еркін өз өмірлерін сүріп жүр”, – деп жазды жазба авторы.

Ал зорлықтың құрбаны болған қыз облыстан кетіп қалған. 

Полиция аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігі "Зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады", – делінген хабарламада.

Басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында 12 жастағы оқушы қыз зорланған соң жүкті болып, дүниеге сәби әкелген еді. Оның жақын туысы қызды зорлады деген күдікке ілінген.

Талқылау