"СК-Фармация" емес, Қытай кінәлі: Біртанов сотта Берік Шәріпті қорғап куәлік берді
Қазақстанның бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "СК-Фармация" экс-басшысы Берік Шәріптің ісі бойынша сотта куәгерлік айғақтар берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Еске салайық, Берік Шәріпке қатысты қылмыстық іс 361-баптың 4-бөлігінің 3-тармағы Ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану", сондай-ақ 287-баптың 2-бөлігі "Ұңғысыз атыс қаруын, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруды, қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы қаруды, сол сияқты олардың патрондарын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша қаралады.
"СК-Фармацияның" бұрынғы басшысын қорғаныс костюмдерінің жетіспеуінен 2020 жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында Қазақстандағы дәрігерлердің жаппай жұқтыруына әсер етті деп те айыптайды.
Елордада іс бойынша сот талқылауы жалғасуда.
Сотта үйқамақта отырған Елжан Біртанов Берік Шәріпке дәрігерлерді жаппай жұқтырды деген айыптаулардың орынсыз мәлімдеді, өйткені өткен жылдың көктемінде тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде медициналық құралдарының, оның ішінде дәрігерлерге арналған жеке қорғаныш костюмдерінің (ЖҚК) тапшылығына байланысты дағдарысты жағдай қалыптасты.
"Біз жеке қорғаныс құралдарын экспорттауға Ресей Федерациясының, Иран, Пәкістан, Үндістан, Түркия тыйым салғанын көрдік. Жалғыз балама ҚХР болды. "СК-Фармацияда" костюмдердің сапасын тексеру міндеті тұрды. Іс жүзінде бұл жұмыс тәулік бойы жүргізілді. Ақауы бар ЖҚК жеткізілген кезде алаяқтар көп болды", – деді Елжан Біртанов.
- "Ешқандай қылмыс жасамадым": Біртанов сотта сөз сөйледі
- "Кінәлі емеспін, мені босатыңыздар": Сегіз ай қамауда отырған "СҚ-Фармация" экс-басшысына қатысты сот отырысы өтті
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі наурыз айының ортасында президенттің төтенше жағдай кезінде арнайы жұмыс механизмі, оның ішінде сатып алу тетіктері қажет деген Жарлығы болғанын түсіндірді. Президент, Біртановтың айтуынша, шенеуніктерге бюрократиядан қорықпай тез шешім қабылдауды тапсырды.
"Біз шешім қабылдауға мәжбүр болдық. Берік Шәріпұлы бізге жүгінді, алаңдады. Мен қорықпауды айттым, өйткені президент бұйрық берді. Мен барлық шешімдерді штаб отырысына жіберуді сұрадым. Штаб өңірлермен күн сайын дерлік (кеңестер өткізді), күні бойы штабты министрлік деңгейінде байланыстырды", – деді Біртанов.
Сондай-ақ, экс-министр былтырғы көктемде Қазақстанға қорғаныс костюмдерін жеткізудің тоқтауы "СК-Фармацияның" кінәсінен емес, сол кезде Қазақстан жұмыс істеген қытай тарапының келісімшарт талаптарын орындамауына байланысты орын алғанын айтты.
"Мен "СК-Фармация" мен Берік Шәріп ешқандай да, оның үстіне әдейі, тоқтатпағанына сенімдімін. Бұл форс-мажор болды, бұл Қытайдағы процестердің бұзылуы болды. Қытай тарапы Қазақстан тарапымен келісімшарт талаптарын бұзды. Тиісінше, қазақстандық тарап "СК-Фармациямен" жеткізу мерзімін бұзды. Бұл азаматтық-құқықтық қарым-қатынас", - деді Елжан Біртанов сотта.
Сондай-ақ, Біртанов өз куәліктерінде Берік Шәріп тәуекелге бармай, белгіленген регламент бойынша әрекет етуі мүмкін екенін атап өтті: жергілікті тауар өндірушілер үшін 60 күн және шетелдік тауар өндірушілер үшін 90 күн. Алайда, жеткізілімдерді жеделдету үшін “СК-Фармация” тез әрекет етті.
"Ол кезде бұл мүмкін емес еді, біз асығыс едік, барлық елшілер бүкіл әлем бойынша мата мен маска іздеді. Сондықтан біз келісім тауып, жасасақ, бұл Берік Шәріпұлының жеке кінәсі емес деп санаймын. Керісінше, ол Қазақстанға ЖҚК жеткізуді жеделдету үшін қолдан келгеннің бәрін жасады", – деп атап өтті Біртанов.
Cонымен қатар ол Берік Шәріпке жағымды мінездеме берді.
"Берік Шәріпұлы – сауатты кәсіби басқарушы. Оған қиын болды. Кейде ол бұл қызметтен кеткісі келді, бірақ мен оған: "Мұны кім жасайды?" дедім. Менің ойымша, ол жақсы істеді. Коронавирус кезінде біз онымен және басқа жігіттермен әңгімелескенімізде осындай жауапты шешімдер қабылдайтынымызды, бірақ қағаз рұқсаттар бізді кешіктіретіні туралы айтатынбыз. Мен: "Жігіттер, шешім қабылдау керек, президент айтып жатыр", – дедім. Берік айтты: "Біз сосын тергеуге алынуымыз мүмкін". Мен олай болмайды деп сендірдім. Өкінішке қарай, мен қателестім, оған өкінемін", – деді Біртанов сотта.