Карантин кезінде Собчакпен жүр: "СК-Фармация" басшысы сәуірде жарияланған суреті жайлы түсініктеме берді
"СК-Фармация" басшысы Собчакпен түскен суретіне бірнеше жыл болғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Есқалиев Ксения Собчакпен түскен фотосын карантин уақытында әлеуметтік желіге жүктеген. Карантинді бұзып, ресейлік тележүргізушімен суретке түскен деген пікірге қатысты "СК-Фармация" басшысы жауап берді.
"Бұл жеті жыл бұрынғы фотосурет. Менің салмағым бұл кезде135 келі еді, қазір 105", - деді Есқалиев.
Ол 2019 жылы өкпесіне күрделі ота жасатқанын, одан кейін көп салмақ жоғалтқанын айтты.
"Сурет біз үйде болған кезде карантин кезінде жарияланды. Сурет іс-шарада түсірілді. Жай ғана атақты адаммен суретке түскіміз келді, басқа ниетіміз болған жоқ", - деп түсіндірді Есқалиев.
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген