Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"СК-Фармация" басшысы қанша жалақы алатынын айтты

"СК-Фармация" басқармасының төрағасы Ерхат Есқалиев "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында өз жалақысының мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

Белгілі болғандай, Есқалиев айына 1 миллион 300 мың теңге, оның орынбасары 900 мың теңге, ал басқарушы позициясындағылар - 450-ден 650 мың теңгеге дейін алады. Оның үш менеджері(басқарушы) және бір орынбасары бар.

Сондай-ақ, спикер коронавирустың екінші толқынына дайындық туралы хабарлады: қоймаларда екі айлық дәрі-дәрмектер қоры құрылды. Дәрі-дәрмектер шамамен 60 мың науқасты емдеуге жеткілікті.

Осы жылдың тамыз айында "СК-Фармация" басшысы жалақысының "750 мың теңгеден басталатынын" мәлімдеді.

"Бірақ менің жұмыс істегеніме әлі бір ай да болған жоқ, жақында кеңес  жалақының тиісті деңгейін бекіту керек", - деді Есқалиев.

Бұған дейін "СК-Фармация" баспасөз қызметі компанияның штаттық кестесі бойынша шегерімдерді есепке алмағанда, келесі жалақы қарастырылғанын хабарлады:

- менеджер қызметі - 200 000 теңгеден;
- бас менеджердің қызметі - 350 000 теңгеден;
- әкімшілік және басқару персоналының лауазымы - 450 000 теңгеден;
- басқарма мүшелерін қоса алғанда, басқарма төрағасы - 750 000 теңгеден

Талқылау