Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сіздермен кездесіп, тілдессем арманым жоқ": Индира Расылхан ота жасатады

Индира Расылхан ота жасатады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сіздермен кездесіп, тілдессем арманым жоқБұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Индира Расылхан өзінің қандай сынаққа болса да төзе білетінін де тілге тиек етті. Өнер иесі халықтан мен үшін адал ниеттеріңізбен дұға жасаңыздаршы деп өтінген болатын.

"Жақсы ниеттеріңізбен дұға жасасаңыздар риза болар едім! Алла тағалам мені тағы сынады. Мен барлық қиындықты жеңіп шығамын! Сенім, үміт, бақыт. Аллама тапсырдым.
Біреуге жақсылық тілесең 100 есе өзіңе қайтарылады!" - дейді Индира Расыхан.

Ол ота жасатуға кетіп бара жатқандығы жайлы жазып, тыңдармандарын қатты жақсы көретінін жеткізген. Сонымен қатар, өнер иесі жақындарыммен қайта қауышуды нәсіп етсін деп тілек тіледі.

"Құрметті оқырмандарым бір минуттарыңызды бөліп маған дұға жасап қойыңыздаршы. Сіздермен тағы кездесіп, тілдессем арманым жоқ! Мен ота жасатуға сіздердің дұғаларыңызбен аттанамын! Мен сіздермен біргемін. Қазақ елі, шексіз махаббатым", - дейді Индира Расылхан.

Мұны көрген желідегі жұрт өнер иесіне отаның сәтті өтуіне тілектес екендерін жеткізген. Олар ақ ниеттерін байқатып, жарыса пікір қалдырды.  

Талқылау