"Сіз көрген ыстық пен суыққа куәмін": Жұлдыз Әбдікәрімова енесінің көрген қиындығы жайлы айтты
Жұлдыз Әбдікәрімова енесі Гүлзира Айдарбекованы туған күнімен құттықтап, оның көрген қиыншылығын сөз етті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жұлдыз келін болып түскен сәтінен бастап енесі көрген "ыстыққа да, суыққа да" куә болғанын атап өтті.
"Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді деген. Сыры да, сыны да кетпей, жыл өткен сайын жасарып келе жатқан @gulziraaidarbekova туған күніңізбен! 17 жасымнан бастап сіз көрген ыстығыңыз бен суығыңызға куәмін. Енді бейнетіңіздің зейнетін көріңіз. Әулеттің Әз анасы болып, немерелеріңіздің ортасында әдемі қартаюды жазсын", - деп тілек білдірді ол.
"Соңында қасыңда тек анаң қалады": Қайрат Нұртастың тілегі Гүлзира Айдарбекованы жылатты
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған