AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сіз қанша тірі бала тудыңыз?": Елімізде өткізіліп жатқан онлайн санақтың сұрақтары қазақстандықтардың талқысына түсті

Елімізде халық санағы жалғасуда. Қазақстандықтар санақтағы қойылған сұрақтардың жүйесіздігіне наразылық танытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

перепись

Алғашқы екі күннің қорытындысымен Павлодар облысы алда келе жатыр. Аймақта 16075 адам санақтан өткен. Одан кейінгі орында Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Елордалықтардың 15509-ы санақ сауалдарына жауап берген. Бұл көрсеткіш бойынша әзірге соңғы екі орынды Маңғыстау және Атырау облыстары еншілеп тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 1406 және 1230 адам санақтан өтіпті.

Санақ парақтарындағы кейбір сауалдарға қатысты тұрғындар тарапынан сын айтылған.

Мәселен, "Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) сыртқы қабырғаларының материалдарын көрсетіңіз" деген сауал не үшін қойылғаны туралы сұрақ көтерілді. Айта кетерлігі, бұған қатысты 11 түрлі жауап нұсқасы қарастырылған.

Бұдан бөлек сауалдардың арасында үйдің инфрақұрылыммен қамтылу деңгейін анықтауға бағытталғандары да бар. Бұл сауалдардың жауабы арқылы әр елді мекен, тұтас мемлекеттегі тұрғын үй қорының жай-күйі жан-жақты сарапталатын болады. 

Тағы бір талқыға түскен сұрақтардың бірі – "Сіз қанша тірі бала тудыңыз?". Сонымен қатар неліктен сұраққа әйелдер 15 жастан бастап жауап беруі керек деген пікір айтылуда.

Айта кетерлігі, Халық санағы биыл 61 мемлекетте өтеді. Ал БҰҰ жариялаған раундқа сәйкес, 2020 жылға мейілінше жақын мерзімде барлық мемлекеттерде өтпек. Мәселен біздің елде 16 жастан бастап тұрмыс құруға мүмкіндік беріледі. Өзге мемлекеттерде бұл көрсеткіш төмен болуы мүмкін. Сондықтан халықаралық деңгейде мәліметтерді біріздендіру мақсатында осы жас көрсеткіші белгіленген. Ал тірі туған балалар жөніндегі сауалға келер болсақ, бұл сауал Еуропалық статистиктер конференциясының ұсынысы бойынша қосымша көрсеткіштерді анықтау үшін қосылды. Бұдан бөлек, сауалнама қорытындысы бойынша нәрестелер өлімі көрсеткішін нақтылау жүргізілмек. Бұл жерде нақты санақ жүргізілген уақыттағы елдің демографиялық бет-бейнесі көрсетіледі. 

Халықаралық ұйымдардың кеңесімен қосылған сауалдардың ішінде азаматтардың денсаулық жағдайына қатыстысы да бар. Мәселен, көру, есту, жүру және есте сақтау қабілетіне байланысты нақтылаушы сұрақтар енгізілген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр