"Сіз бен бізге қатысы жоқ": Министр саңырауқұлақ пен жидек тергені үшін салықты кімдердің төлейтінін айтты
ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев саңырауқұлақ пен жидек теруге салынатын жаңа салық туралы түсіндірді. Айтуынша, салық тек жидектерді коммерциялық мақсатқа пайдалану үшін жинаған кәсіпкерлерге салынады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаржы министрі мәжілісте өткен брифингте саңырауқұлақтар мен жидектерді теру бұрынан барын айтты. Алайда бұрын тек ерекше қорғалатын аймақтардың, саябақтардың, қорықтардың және т.б. аумақтарда ғана таралған.
“Бұл сіз бен біз сияқты қарапайым азаматтарға қатысы жоқ. Біз дәрі-дәрмекті сол жерде өндіретін немесе коммерциялық мақсатта пайдаланғалы жатқан, айналымға енгізген кәсіпкерлер туралы айтып отырмыз", - деді министр.
Жамаубаев сонымен қатар жидек теріп, оны сатып, мектепке дайындалу үшін қаражат жинайтын көп балалы отбасыға да бұл салық салынбайтынын айтты.
Еске салсақ, Мемлекеттік кірістер комитеті енді 2024 жылдан бастап қазақстандықтардың саңырауқұлақ пен жидек тергені үшін салық төлейтінін мәлімдеген болатын.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ